Altynsarin institute-ның студенттері сенбілікке қатысты
Арқалық қаласы «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен «Арқалық таза қала» атты жалпы қалалық сенбілік өтті.
Сенбіліктің мақсаты – қаланың көрнекі жерлерін тазарту, жас ұрпаққа эко-тазалық жайлы ұғымдарды кеңінен насихаттау.
Сенбілікке Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтынан 100 студент ерікті болып, қаланың тазалығына үлес қосты.
Жеребе бойынша институт студенттеріне «Ардагерлер саябағы» және «А.Байтұрсынов монументі» аймағының тазалығы міндеттелді. Қажетті тазалық құралдарымен қамтамасыз етілген студенттер екі аумаққа 10:00-12:00 аралығында тазарту жұмыстарын жүргізді.
Экологиялық тәрбиеге бағытталған сенбілікке қаладағы жоғары және арнаулы оқу орындары мен өзге де білім беру мекемелері ат салысты.