Ұлы педагог Ы.Алтынсариннің туған күні

Ұлы педагог Ы.Алтынсариннің туған күні

20 қазан қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин дүниеге келді.

Қазақ ағартушылық тарихының көрнекті өкілі саналатын Ы.Алтынсариннің есімі Арқалық педагогикалық институтына берілген.
Студенттер қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлғаның құрметіне институттың бас ғимаратындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
«Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар…» деген ұстаныммен бір топ студенттер ұлт педагогының «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» және өзге де өлеңдерін жатқа оқыды.
Айта кетейік, Торғай топырағының перзентіне тағзым ету сәтіне «Педагогика және филология» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері ат салысты. Ал, аға оқытушы Қ.Р.Шакирова атасының Алтынсаринмен дос болғандығын тілге тиек етті.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ