Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен онлайн алаң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен онлайн алаң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлерімен Altynsarin Institute студенттері онлайн алаңда кездесті.

Zoom платформасында өткен кездесудің мақсаты – жемқорлықтың алдын алу және департаментпен халық арасындағы бірлескен жұмыс күшін ұлғайту.
Кездесу барысында институт студенттеріне Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ұзынжас Бауыржан Дәулетиярұлы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама оқыды.

Сонымен қатар спикер Нұрбек Әбдібеков сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында былтырғы жылы екі миллиардқа жуық ақша үнемделіп, жаңа «ANTIKOR еріктілері» атты жаңа жоба ашылғаны туралы мәлімдеме жасап, еріктілер қатарына қосылуға шақырды.
Қостанай облысы бойынша жемқорлық деңгейі, басқа облыс орталықтарына қарағанда төмен екендігін айта кеткен жөн.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ