Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жас ұрпақ үшін рөлі

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жас ұрпақ үшін рөлі

Altynsarin Institute-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен онлайн кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – ЖОО студенттерін мемлекеттік қызметке тарту.
Қостанай облысындағы беделді жоғарғы оқу орнындары қатысқан бұл жиында Қостанай облысы бойынша департамент басшысы Салықбаев Ерлан Амандықұлы «Жас Мемлекеттік қызметшілер мектебінің жас ұрпақ үшін рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Е.А.Салықбаев мемлекеттік қызмет беделі және бұл қызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы сөз қозғады.
Жаңа талап аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ЖОО түлектері және студенттері үшін мемлекеттік қызметке орналасу үшін қысқа және ұзақ мерзімдік оқу курсын әзірленгендігін хабарлады.
Жиын соңында «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы- Ректор Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлы қатысушаларға сәттілік тілеп, мемлекет игілігіне еңбек етуге шақырды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ