Altynsarin institute-ның «ақпараттық-кешендік кітапхана» қызметкерлері марапатталды

Altynsarin institute-ның «ақпараттық-кешендік кітапхана» қызметкерлері марапатталды

24-қазан – Кітапханашылар күніне орай Altynsarin institute-ның «Ақпараттық-кешендік кітапхана» қызметкерлерін Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы марапаттады.

Институтта ақпараттық-кітапханалық кешен 2007 жылғы қыркүйектен бастап жұмыс істейді.
Ақпараттық-кешендік кітапхананың негізгі міндеті – институт зерттеушілеріне, оқытушыларына, білім алушыларына жоғары кәсіби ақпараттық-кітапханалық қызметтерін ұсыну арқылы институттың жоғары білікті мамандарды дайындау сапасын арттыруға ықпал ету.
Бүгінгі таңда ақпараттық-кешендік кітапхананың кітап қоры мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде 300 мыңнан астам дананы құрайды. Кітапханада сирек кездесетін кітаптардың мол қоры жинақталған.
«Ақпараттық-кешендік кітапхана» орталығының директоры Сарсенкуль Қуандыққызы бастаған ұжымды мерекемен құттықтап, еңбек өнімділігін тілейміз!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ