25 қазан – Республика күніне арналған «Қазақстан – Республикам менің» атты салтанатты шара өтті

25 қазан – Республика күніне арналған «Қазақстан – Республикам менің» атты салтанатты шара өтті

25-қазан – Республика күніне орай Altynsarin Institute-да «Қазақстан – Республикам менің» атты мерекелік іс-шара өтті.

Егемендіктің даңғыл жолында еңбек еткен тұлғаларға құрмет көрсету, ел мен жерге деген сүйіспеншілікті еселеу, патриоттық сезімге баулу мақсатын көздеген шараға тегіс институт ұжымы куә болды.
«
Педагогика және филология» факультетінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік жиында «Міржақып Дулатұлы атындағы әдеби-мәдени бірлестіктің» студенттері өнер көрсетті.
Ұлттық мереке аясында жүзеге асқан шара жоғары оқу орнының Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлының кіріспе сөзімен басталды.
Ректор өз сөзінің қорытындысында: «Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сол құндылықтардың арқасында біз өзіміздің халықтық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз. Сондықтан да кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба деген сұрақ барлығымызды толғандыруы қажет» – деген салмақты ой тастады.
Сондай-ақ, ұжымға ізгі құттықтау лебізін жеткізіп, бір топ оқытушылар мен қызметкерлерді, студенттерден құралған спорт шеберлерін мерекелік алғыс хаттармен марапаттады.
Айта кетейік, салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін бірқатар Altynsarin Institute-ның профессор-оқытушылар құрамына министр Саясат Нұрбектің алғыс хаты мен төс белгі табыс етілді
.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ