Altynsarin institute-ның студенттері веб-әзірлеуде бағдарламалау дағдыларын үйренуде
2023 жылдың 2 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Altynsarin Institute қабырғасында Индонезиядан келген шетелдік ғалымның веб-әзірлеуде объектіге бағытталған бағдарламалауды қолдану бойынша дәрістері өтуде.
Ғалымның келудегі мақсаты – академиялық ұтқырлықты дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Сұлтан Шариф Касим Риау мемлекеттік Ислам университетінің ғалымы (State Islamic University of Sultan Syarif Kasim Riau) техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы доктор Muhammad Luthfi Hamzah жоғары оқу орнының студенттеріне дәріс оқу үшін «шетелдік ғалымдарды тарту» бағдарламасы бойынша Altynsarin Institute-на шақырылды. Бағдарлама аясында Индонезиядан келген профессор Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің студенттеріне дәріс оқиды, практикалық сабақтар мен семинарлар өткізеді.
Бірінші күні профессор Luthfi Hamzah «Информатика» білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті, онда Индонезияда студенттерді оқыту тәжірибесі мен оқыту ерекшеліктерімен бөлісті, бір айға арналған жұмыс жоспары ұсынылды.
Институт студенттеріне профессордың дәрістеріне қатысуға, шетелге шықпай-ақ тәжірибе мен білім алуға тамаша мүмкіндік берілді. Алғашқы күндерден бастап шетелдік ғалым студенттерді «веб-әзірлеуде объектіге бағытталған бағдарламалауды қолдану» курсы бойынша жаңа кейстерімен қызықтырды. Студенттер атап өткендей, осы технологиялық тәсіл арқылы Python, Java, Frontend немесе Fullstack әзірлемелерін қоса алғанда, өте күрделі жобаларды жасауға, масштабтауға және қолдауға болады.
Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы профессормен кездесуде екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту қажеттігін атап өтті. Тараптар ғылым саласындағы әріптестікті тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасты.
Өз кезегінде профессор Лютфи Хамза ректор қабылдауына үшін алғыс білдірді. Индонезия университетінің атынан Altynsarin Institute-ның бүкіл академиялық қауымдастығына шын жүректен ризашылығын білдірді.
Профессор Luthfi Hamzah ақпараттық жүйе мәселелерімен, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен, тестілеу мәселелерін зерттеумен және ақпараттық жүйені енгізумен айналысатынын атап өткен жөн. Ғалымда h-index – 7 бар.