«Aqyl battle cup» республикалық зияткерлік мега сайысында altynsarin institute-ның студенті бақ сынады
«Астана қаласында 14-35 жас аралығындағы жастардың қатысуымен «Aqyl battle» атаулы додасы өтті.
Республикалық мега сайыстың жартылай финалына жолдама алған Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының студенті Жарқынай Тұтқышбай «EVEREST» командасында үздік нәтижеге қол жеткізді.
Айта кетейік, зияткерлік сайысқа 150-ден әртүрлі мамандық иелері қатысып, 50 командаға жіктелді.
Бұған дейінгі іріктеу «Aqyl battle» мобильді қосымшасында өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен дүл-дүлдер бас қосқан додада ақшалай жүлде қоры ұсынылды!
Altynsarin Institute-ның зияткер студенті Жарқынай Тұтқышбайды құттықтаймыз!