«Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты мерекелік кітапхана апталығы

«Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты мерекелік кітапхана апталығы

Қазан айының 23-27 аралығында «24 қазан – Кітапханашылар күніне» орай Altynsarin Institute «Ақпараттық-кешендік кітапханасының» ұйымдастыруымен «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты мерекелік апталық өтті.

Апталықтың мақсаты – кітаптың рухани құндылығын және оның біздің теңдессіз байлығымыз екенін оқырмандарға ұғындыру.  Кітапханашы мамандығының қадір-қасиетін насихаттай отырып, мағлұматтар беру, кітапхана кешеніне оқырман тарту.

Шара аясында студенттердің қатысуымен «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты мерекелік кештің ашылу салтанаты, «Менің өмірімді өзгерткен кітап» атты эссе байқауы, белгілі сөз зергері, қаламгер Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Тахауи Ахтанов – кемелденген қазақ әдебиетінің қаламгері» атты виртуалды көрме, қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Сұлтанмахмұт Торайғыров – поэзиясының жарық жұлдызы» атты тақырыптық шолу және «Үздік кітапханашы» атты байқау ұйымдастырылды.
Мерекелік апталықтың ашылу салтанатында «Педагогика және филология» факультетінің студенттері кітапханашыларға арналған жүрекжарды жырларын ерекше тебіреніспен оқып, ән мен күйден шашу шашты.

Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Менің өмірімді өзгерткен кітап» байқауында ҚБ-31 тобының студенті Болатбек Мөлдір «Үздік эссе» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алса, ҚБ-31 тобының студенті Қазданбаева Сымбат жүлделі I-орын, ҚБ-31 тобының студенті Жусупова Раушан II-орын, ФИ-11 тобының студенті Шыңғысбаева Камшат IIІ-орынды иеленді. Сайысқа белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар мен кәдесыйлар табысталды.
С.Торайғыровқа арналған кеште студенттер ақынның туындылары бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Қазақ халқының кемеңгер перзентіне арналған тағылымды шарада оқырмандар ақынның өлеңдерін нақышына келтіре айтып, арнау жырларын оқыды.
Мерекелік апталықтың соңғы күнінде Ақпараттық-кешендік кітапхана қызметкерлері арасында «Үздік кітапханашы» байқауы өтті. Аталған жарыста ғылыми-көркем әдебиет бөлімінің кітапханашысы Абилбекова Камшат Мухтаровна «Үздік кітапханашы» номинациясына ие болды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ