ЖОО-ның баспасөз хатшыларына арналған семинар өтті

ЖОО-ның баспасөз хатшыларына арналған семинар өтті

Қазан айында Шымкент қаласындағы «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің» базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастырумен ЖОО-ның баспасөз хатшыларына арналған семинар өтті.

3 күнге созылған семинар барысында елімізге белгілі медиа-тренерлер «Интернет-платформалар мен әлеуметтік желілерді қолдана отырып, көп арналы дағдарыстық коммуникациялар бойынша» тренинг бағдарламасын әзірлеген.
Семинар-тренингтің мақсаты – баспасөз қызметкерлерін әлеуметтік желілердегі ресми беттерді дайындайтын және модерациялайтын мамандарды жанжалдың кез келген түріндегі қарым-қатынас дағдыларына үйретуге, интернет-платформалар мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, коммуникациялар дағдарысын шешуге үйрету.
Спикерлер баспаөз хатшыларына авторлық тренингтерін өткізді. Айта кетерлігі, медиа-тренер Айнұр Коскина «Бедел институты және оның коммуникациядағы маңызы»,«Қақтығыстарды басқару және трансформациялау стратегиясы», «Әлеуметтік желілердегі дағдарыстық жағдайларға реакция», Марат Садықов «Смартфонға фотосуреттер мен бейнелерді қалай түсіруге болады. Композиция негіздері», «Әлеуметтік желілерде жұмыс істеудің негізгі принциптері», Гүлмира Біржанова «Жанжалдарды шешудегі құқықтық кеңестер, жеке өмір және дербес деректер, авторлық құқық мәселелері. Заңнамадағы жаңалықтар: «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заң», Диана Окремова «Ақпаратқа қол жеткізу: құралдар, ұлттық рәсімдер, ақпарат санаттары. Жеке деректер және жеке өмір VS қоғамдық қызығушылық» тақырыптар аясында тренинг жүргізді.
Сонымен қатар, ЖОО баспасөз хатшыларымен Министр Саясат Нұрбек тікелей бейне-байланысқа шығып, ғылым мен жоғары білім саласындағы стартегиялық жұмыстармен таныстырды. Әріптестер өзара түйткілді мәселелерді талқылып, медиа-жоспар құрды.
Айта кетейік, семинарға Altynsarin Institute «Маркетинг және коммуникация» бөлімінің баспасөз хатшысы Қанат Көркемжан Бақытжанқызы қатысты. Интернет-платформалар мен әлеуметтік желілерді қолдану арқылы мультиканалды дағдарыстан коммуникациялар туралы кешенді тренингке қатысқаны үшін қатысушылар сертификат иеленді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ