Altynsarin institute оқытушысы Өзбекстанда өткен халықаралық конференцияға қатысты

Altynsarin institute оқытушысы Өзбекстанда өткен халықаралық конференцияға қатысты

Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті антропология және этнология кафедрасының шақыруымен «Қазақстан тарихы, құқық және экономика негіздері» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Сақтағанова Эльмира Балтабайқызы «Тарихи нысандар мен табиғи нысандардың үйлесімділігі негізінде Өзбекстанның туристік ұйымын дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты. Бұл іс-шара туристік саладағы зерттеулерді жандандыру, жаңа ұсыныстар мен пікірлер ұсыну, олар бойынша ғылыми пікірталастар алаңын құру мақсатында ұйымдастырылды.

Өзбекстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қытай Халық Республикасының ғалымдары туризмнің қалыптасуының, пайда болуының және дамуының тарихи кезеңін, туризм әдіснамасын, туризмді дамытудың әлемдік тәжірибесі мәселелерін талқылап, туризм бойынша мәліметтерді жинаудағы дереккөздердің рөлі, қажылық орындарының маңызы, генологиялық туризм, тарихи-этнографиялық туризм және оның одан әрі даму мүмкіндіктері, гастротуризм және қазіргі заманғы технологиялардың рөлі туралы сөз қозғады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл конференция тек туризм саласында ғана емес, сонымен қатар ғылым докторлары, PhD докторлары, антропология, археология, экономика, фольклор және басқа да көптеген салаларда ғылыми зерттеулер жүргізетін жас ғалымдар мен студенттердің қызығушылығын тудырды және көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Институт оқытушысы Эльмира Балтабайқызы «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» секциясында жеке тұлғаны қалыптастырудағы қоғамдық-тарихи құбылыстардың маңызы туралы баяндама жасады (С.Қадырбаевтың мысалында). Қатысушы оқытушы конференция тақырыбының маңыздылығын атап өтті. Нәтижесінде барлығы әріптестерімен пікір өрбітуге, педагогикалық технологиялармен алмасуға, өздерінің әдістемелік құралдарын байытуға тамаша мүмкіндік алды.
Altynsarin institute оқытушыларының Қазақстанда да, шетелде де өтетін халықаралық конференцияларға қатысуы ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502