«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң Сенатта мақұлданды

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң Сенатта мақұлданды

18 сәуірде ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті, онда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралып, мақұлданды.

Заңның мақсаты ғылым және білім беру саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.
Заңның негізгі міндеттері ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, ғалымдар үшін әлеуметтік кепілдіктерді жақсартуға және ғылымдағы қаржы ресурстарын пайдалануды оңтайландыруға бағытталған жаңашылдықтар енгізу болып табылады.
Заңда жергілікті атқарушы органдарға ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру құқығын беру көзделеді. Өңірдің басым бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды ұйымдастыру және іске асыру бойынша құзыреттер енгізіледі.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ