Altynsarin institute-ның студенті және оның бизнес жобасы республикалық байқауда 2 орынды иеленді

Altynsarin institute-ның студенті және оның бизнес жобасы республикалық байқауда 2 орынды иеленді

«Химия-Биология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Зейнел Эльнура колледж және жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттар арасында өткен «Менің арманым» жастар бизнес-жобаларының республикалық конкурсына қатысты.

Байқау студенттер мен магистранттарды кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы инновациялық қызметті жандандыру мақсатында Орталық Азия Инновациялық Университеті базасында өтті.
Байқауға
 колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, еліміздің барлық өңірлерінен келген магистранттар қатысты.
Айта кетейік, Эльнура байқаудың барлық үш кезеңінен өтті:
• бірінші кезең – «Атамекен» ҚР ҰКП бизнес-тренерлерімен, көшбасшы-кәсіпкерлермен онлайн/офлайн дәріс оқу;
• екінші кезең – іріктеу, өзекті жобаларды анықтау үшін университеттің «Бизнес және туризм» кафедрасында өтті;
• үшінші кезең – финал, онда жобалар қорғалды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар білім беру ортасында инновациялық кәсіпкерлікті насихаттауға көмектеседі.
Конкурсқа жетекшілік етуді ҰД және МС жөніндегі проректор Ж.С.Қазанбаева, «Бизнес және туризм» кафедрасының меңгерушісі А.А.Шадиева, «Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі А.А.Камалов, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері, бизнес-серіктестер, кәсіпкерлер ат салысты.
Эльнура байқауға «Nanny» атты жобаны ұсынды. Идеясы – ата-аналар өз балаларына сабақ жасауға, мектептен күтіп алуға немесе секцияға апаруға көмектесетін бебиситтерді тез таба алуымен сипатталады. Эльнура бебиситтинг Америкада өте кең таралған құбылыс екендігін, онда 2010 жылы осындай Urbansitter жобасы іске қосылғандығын атап өтті.
Конкурстық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша Altynsarin institute-ның студенті Зейнел Эльнура екінші жүлделі орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі «Химия және биология» ББ оқытушысы С.Ж.Ахатова. Жеңімпаз жобаны бизнесмендермен ынтымақтастық арқылы, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы ілгерілетуге ниетті.
Институт студентінің жобасы 2 орынға ие болып, қазылар алқасының мүшелеріне ұмытылмас әсер қалдырғанын атап өткен жөн. Конкурс жеңімпаздары ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталып, сондай-ақ инвесторлар өз бизнес-идеяларын іске асыруға ат салысатындығымен қорытындыланды.
Біз педагог пен студентті жеңісімен құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілеймі
з!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ