«Домбырам – асыл қазынам» атты шығармашылық ән кеші

«Домбырам – асыл қазынам» атты шығармашылық ән кеші

«Тарих және өнер» факультеті, «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының оқытушысы, магистр Карибаева Әсел Мейрамқызының «Домбырам – асыл қазынам» атты жеке ән кеші өтті.

Шығармашылық ән кешіне Арқалық қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары Мешітбай Жұманов, қала прокуроры Мұрат Успанов, «Жастар-Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Амангелді Ахметжанов, Altynsarin institute-ның Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы, институт ұжымы, студенттер және кеш иесінің отбасы мен жақындары, әріптестері мен өзге де қонақтар куә болды.

Домбырашы ұстаз Әсел Мейрамқызымен бірге сахнада «Арқалық қаласы білім бөлімінің Бақытжан Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» мұғалімдерінен құралған «Арқа сазы» этно-фольклорлық ансамблі, Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері, «Дарын» мектебінің оқушылары өнер көрсетті.

Ұлттық аспабтың сазымен үн қатып жүрген республикалық байқаулардың лауреаты Әсел Мейрамқызының жеке ән кешінде концертмейстер Қ.Файловнаның сүйемелдеуімен «Шалқыма» күйі, Д.Нұрпейісованың «Науысқы», Дәулеткерейдің «Көрұғлы» шығармасы, халық күйлері «Нар агачи» мен «Жастар биі», «Кербез сұлу», «Жалғых аққу», «Бақтыбайдың әуені», «Ақжелең», «Жібек-Жетісу», Н.Тілендиевтің «Жекпе-жек» және т.б шығармалар орындалды.

Бірнеше ұлттық аспабтардың үйлесімімен әуелеген ән кеші көпшіліктің қошеметіне ие болды. Өмірін өнермен өрнектеген домбырашы оқытушыға шығармашылық шабыт тілейміз!

 

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ