Физика және математикадан қалалық пәндік олимпиада өтті
Altynsarin institute мектеп оқушылары үшін «Білім деген биік шың, бақытқа сені жеткізер» атты қалалық пәндік олимпиадасын өткізді. Олимпиаданы «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің «Физика, Физика және информатика» және «Математика, Математика және физика, Математика және информатика» білім беру бағдарламаласы ұйымдастырды.
Пәндік олимпиада мақсаты – математика және физикадан қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдар алуына жағдай жасау.
Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептерінің 9-11 сыныптың 55 оқушысы қатысқан олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңнің тапсырмаларынан сүрінбей өтіп, жоғары ұпай еншілеген қатысушы екінші кезеңде бақ сынады.
Айта кетейік, жеңімпаздар физика және математика пәні бойынша жеке-жеке анықталып, 9, 10, 11 сынып оқушылары арасынан бөлек таңдалды.
Екі күнге жалғасқан олимпиаданың қорытындысы төмендегідей:
Математика пәнінен олимпиада жеңімпаздары
9-сынып бойынша:
І орын: Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының оқушысы Қалдыбай Шыңғыс Ерболатұлы;
ІІ орын: Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының оқушысы Маряков Дамир Кенжебекұлы;
ІІІ орын: Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының оқушысы Аманжол Ерсұлтан Асхатұлы.
10-сынып бойынша:
І орын: Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сапабекова Салтанат;
ІІ орын: Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының оқушысы Тумамбаев Алихан Нурланович;
ІІІ орын: Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сайлаубек Нұрбибі.
11-сынып бойынша:
І орын: А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Болатбек Аяжан;
ІІ орын: А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Ғазез Жайнар Төлеубекқызы;
ІІІ орын: Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Тойлыбеков Асылхан.
Физика пәнінен олимпиада жеңімпаздары
9-сынып бойынша:
І орын: Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Калдыбекова Ырысты Жандаулетовна;
ІІ орын: Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жакыпов Ернар;
ІІІ орын: Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Насирилаева Ақару.
10-сынып бойынша:
І орын: Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Қайыржанқызы Қарақат;
ІІ орын: Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Мукашева Ақбота;
ІІІ орын: Б. Майлин атындағы № 3 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Елеубай Аружан.
11-сынып бойынша:
І орын: Восточный жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Серікова Ұлмекен Дүйсенқызы.;
ІІ орын: Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Асқар Гүлім;
ІІІ орын: Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жақсылық Айханым.
Барлық қатысушылардың жетекшілеріне алғыс хат табыс етілді.