Altynsarin institute-на академиялық мәселелер бойынша проректор тағайындалды

Altynsarin institute-на академиялық мәселелер бойынша проректор тағайындалды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығымен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректоры лауазымына педагогика ғылымдарының кандидаты Жүсіпова Жанна Азатқызы тағайындалды.

Жүсіпова Жанна Азатқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Педагогика және бастауышта мектепті оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. 2005 жылы аталмыш жоғары оқу орнының аспирантурасында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын бастауыш мектеп мұғалімінен бастап, кейін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында «Академиялық ұтқырлық және көптілде білім беру» бөлімінің басшысы, кафедра меңгерушісі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Педагогика факультетінің деканы қызметтерін атқарды.
Айта кетейік, Жанна Азатқызы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017» мемлекеттік грантының иегері.
Кәсібі дағдылары шыңдалған, ғылыми-педагогикалық еңбегі орасан әріптесімізді жаңа қызметімен құттықтаймыз!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ