«Білім: ақиқат пен перспективалар» XII халықаралық ашық педагогикалық форумы

«Білім: ақиқат пен перспективалар» XII халықаралық ашық педагогикалық форумы

Altynsarin institute-ның профессор-оқытушылар құрамы Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университеті ұйымдастырған «Білім: ақиқат пен перспективалар» атты XII Халықаралық ашық педагогикалық форумына қатысты.

Форумның мақсаты – білім беру сапасын арттырудың негізгі ресурсы ретінде педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мәселелері бойынша білім беру саласындағы жетекші ғалымдар мен практиктердің өзара іс-қимылы әрі отандық және шетелдік педагогикалық ұжымдардың инновациялық тәжірибесін жинақтау.
Дәстүр бойынша іс-шара мектепке дейінгі, жалпы, қосымша, кәсіптік және жоғары білім беру мамандарын, білім беру ұйымдары мен бейінді ведомстволардың басшыларын, жоғары оқу орындарының оқытушыларын, ғалымдарды, аспиранттарды, магистранттарды, студенттер мен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының қонақтарын біріктірді.
Онлайн және офлайн форматында өткен форумның пленарлық отырысында ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Ал, Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ оқытушылары сегіз тақырыптық бағыт бойынша бөлінген секцияларға қатысты.
Нақтырақ айтқанда, «Педагогика және филология» факультетінің деканы А.Калиев, «Диагностика және кеңес беру» орталығының ғылыми қызметкері Г.Смаилова, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының оқытушысы Г.Турсунбекова, «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдралмасының оқытушысы Р.Измагамбетова өзекті баяндама жасап, алғыс хат иеленді.
Айта кетейік, институт оқытушыларының баяндамалары қызу пікірталас тудырып, педагогикалық форум қатысушыларының қызығушылығын тудырды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ