«Студенттік көктем – 2024» өз мәресіне жетті

«Студенттік көктем – 2024» өз мәресіне жетті

Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының «Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік тапсырысы бойынша «Sanaly urpaq – 2050» жүзеге асыруымен «Студенттік көктем – 2024» фестивалі өтті.

Байқау мақсаты – Қостанай облысындағы студенттік қозғалыстардың, идеялар мен жобалардың қызметін дамыту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру болды.
Мамыр айының 23-24 күндері өткен байқауға Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Қостанай қаласындағы Челябі мемелкеттік университетінің филиалы, Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Рудный индустриалды университеті қатысты.
Фестивальдің идеясы «Шығармашылық байқау» және «Спорттық жарыстар» сынды екі бағыт бойынша үздік университет командаларын анықтауға негізделген.
Бірінші күні барлық қатысушылар студенттік көктемнің ашылуына куә болып, спорттық жарыстарда (шағын футбол, волейбол, баскетбол турнирі) бақ сынады. Сонымен қатар, арнайы «Quest» және «ASU» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Бірінші күннің қорытындысында Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Open Air» өтті.
Екінші күні қатысушылар Жастар сарайында өз шығармашылықтарымен бөлісті. Altynsarin institute-ның «Zhuldyz songs» ән клубының мүшелері домбырамен «Молдабай» әнін орындаса, «GG DOLLS» би тобы өнерімен көпшілікті таң қылды. Ал, жас музыкант Қанат Ерлан өзінің «Қарақшы» авторлық әнімен көрермен көзайымына айналды.
Байқаудың қорытындысында Мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасының шешімімен Altynsarin institute-ның волейбол командасы жүлделі II орында иеленді.
Сондай-ақ, ұйымдастыру комитеті барлық қатысушы командаларға Гала-коцертте 600 000 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен алғыс хат табыс етті.
Дәстүрлі 54-ші рет ұйымдастырылып отырған байқауда студент жастар үшін естен кетпес ерекше әсер сыйлады!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ