Арқалық қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойылды

Арқалық қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойылды

Арқалық қаласында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңында еске алу рәсімі өтті.

Саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендерді ұмытпау, айыптау мазмұнынсыз тарихи әділеттілікті қалпына келтіру қағидаттарын ілгерілету мақсатында өткен шараға Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ студенттері де куә болды.

Шара қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аубакиров Түбекбай Ғапсалықұлының кіріспе сөзімен басталды. Еске алушылардың назарына ҚР Мәдениет қайраткері Ораз Нұрғалидің орындауындағы А.Байтұрсынұлының «Аққұм» әні ұсынылды. Сондай-ақ, ашаршылықтың құрбаны Тарғын Есбергенұлының ұрпағы Шалдыбаев Дәулеткерей Ғалымжанұлы өзінің есті естеліктерімен бөлісті. Жас буынның санасына бейбіт күннің маңызы туралы салмақты ой салған шара барысында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы құран бағыштады.

Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен қала тұрғындары және ЖОО мен арнаулы оқу орындарының студенттері қатысқан шараның соңында ескерткішке гүл қою рәсімі орындалды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ