Altynsarin institute «Күміс университет» бағдарламасы бойынша білім беруде

Altynsarin institute «Күміс университет» бағдарламасы бойынша білім беруде

Бүгін Altynsarin institute-да «Күміс университет» бағдарламасының кезекті сабағы өтті. Нақтырақ айтқанда 50 жастан асқан профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге «Еуразиялық банк» АҚ жергілікті бөлімше бастығы Уткельбаева Айнагуль Жусуповна қаржылық сауаттылық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Цифрлық дәуірде кибершабуылдың алдын алу аса маңызды. Бұл туралы Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жанна Жүсіпова өз сөзінде былай деді: «Ақпараттық сауаттылық – заман талабы. Сондықтан ол біліммен қарулану баршаға ортақ мүдде. Біз де өз кезегімізде институттың аға буын өкілдеріне осы мүмкіндіктер алаңын ұсынып отырмыз. Себебі, ғаламтор алаяқтарының құрбаны болып жатқан жандар жоқ емес. Әсіресе, соңғы уақытта зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеу фактілері орын алуда. Осы негізде біз өз қызметкерлерімізге алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алдық».

«Күміс университет» – егде жастағы адамдарға екінші мамандық алуға көмектесетін халықаралық қозғалыс. Оқытудың бұл түрі 50 жастан асқан азаматтардың жаңа дағдыларды меңгеруіне жол ашады.

Бұл модель Франция, Ұлыбритания, Қытай және Жапония сияқты елдерде 60 жылдан астам уақыт бойы сәтті жұмыс істеп келеді. Ал, Қазақстан университеттері «lifelong learning» тұжырымдамасы шеңберінде 2022 жылдан бастап «Күміс білім беру» бағдарламаларын іске асыруда.
Айта кетейік, Altynsarin institute-да «Күміс университет» бағдарламасы тұрақты жүргізіліп, бірнеше қажетті бағыттарды қамтып үлгерген.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ