Әріптес университеттер Altynsarin institute-ның студенттеріне қолдау білдірді

Әріптес университеттер Altynsarin institute-ның студенттеріне қолдау білдірді

Елімізде су тасқынының салдарынан табиғи апат орын алды. Төтенше жағдай жарияланған аймаққа Қостанай облысы да кірді.

Тасқын судың әсерінен зардап шекендердің қатарында Altynsarin institute студенттерінің де отбасылары болды.
Орын алған қауырт жағдайға әріптес ЖОО ұжымдары бейжай қарамай, қаржылай сүйемелдеп, қолдау көрсетті.
Мәселен, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері және Алматы қаласының бірқатар жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары өздерінің бір күндік екбекақыларын Altynsarin institute-на қаржылай көмек ретінде аударды.
Екі лекпен жалғасын тапқан қолдау шарасы аясында бірінші топ студенттерінің оқу ақысы бойынша қордаланған қарыздары төленсе, бүгін екінші топ студенттеріне қосымша көмек ретінде арнайы қаржы қарастырылып, сертификат табыс етілді.

Сәйкесінше, студенттер мен олардың ата-аналары алғыс білдіріп, өз ілтипаттарын жеткізді.

 

 

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ