«Көк тудың желбірегені» атты патриоттық акциясы

«Көк тудың желбірегені» атты патриоттық акциясы

4 маусым – ҚР Рәміздері күніне орай Арқалық қаласындағы «Тәуелсіздік аллеясында» «Көк тудың желбірегені» атты ту көтеру патриоттық акциясы өтті.

Ту көтеру рәсімінің алғашқы құттықтау сөзі Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Жұманов Мешітбай Қайыржанұлына берілді.
Қазақстандық жастардың жасампаздық және рухани-адамгершілік дамуын мақсат еткен шараға Altynsarin institute-ның студенттері белсене ат салысты.

Акция барысында ҚР Мемлекеттік Туды көтеру мәртебесіне бокстан республикалық сайыстың 2024 жылғы қола жүлдегері, Қостанай облысының құрама командасының мүшесі Рақымжан Юнус және дзюдодан ағымдағы жылдың республикалық әйелдер арасындағы доданың қола жүлдегері Жансая Кабимуллина ие болды.
Патриоттық бағдарламамен жалғасын тапқан акцияда қала жастарының көшбасшысы Сейдагалиева Алтынай Ерлібекқызы жастар атынан өз құттықтауын жеткізді.
Төл таңбаларымыздың тұғыры биік болғай!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ