Тарихшылар археологиялық-этнографиялық оқу тәжірибесінен өтті

Тарихшылар археологиялық-этнографиялық оқу тәжірибесінен өтті

27.05 – 01.06.2024 аралығында «6В01601 – Тарих» білім беру бағдарламасының І курс студенттері археологиялық-этнографиялық оқу тәжірибесінен өтті.

Студенттердің археологиялық-этногафиялық білімдерін тереңдету мақсатында өткен оқу тәжәрибесі ұйымдастыру, практикалық және қорытынды сынды 3 бөлімнен тұрды.
Ұйымдастыру бөлімінде студенттерге нұсқаулық конференциясы өтті. Мұнда олар практиканың мақсат-міндеттерімен танысты.
Практикалық бөлім барысында археологиялық ескерткіштер мен этнографилық материалдар туралы деректер жинап, күнделік жүргізді.
Ал, қорытынды бөлімде есеп пен практиканы бағалау конференциясына қатысты.

Студент-практиканттың меншігінде археологиялық-этнографиялық практика бойынша жеке жұмыс жоспары болды. Жеке жұмыс жоспарына сәйкес олар археологиялық барлау, археологиялық сыныптау (классификациялау) мен салыстыру (интерпретация) және этнографиялық материалдарды жинақтау, мұражайға бару, заттай ескерткіштерді зерттеудің әдіс-тәсілдерін меңгеру жұмыстарын атқарды. Алгоритм кестесі бойынша студенттер жоғары оқу орнымен тағайындалған практика бағдарламасын толық орындап, аналитикалық реферат жазды.
Осы аралықта студенттерге «6В01601 – Тарих» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Б.А.Елеусов жетекшілік етті. Айта кетейік, 26 студент қатыстқан оқу тәжірибесі Үштоғай елді мекенінде өтті.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ