Педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Altynsarin institute-да 2023-2024 оқу жылының оқу жоспарына сәйкес кәсіптік тәжірибелердің өту барысын талқылау мақсатында «Педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Арқалық қаласының білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің басшылары, диектордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, тәжірибе тәлімгерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің кіріспе сөзі Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ Басқарма Мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жүсіпова Жанна Азатқызына берілді. Шара барысында білім беру мекемелерінің өкілдері педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату, студенттердің инновацияны меңгеруі мен шығармашылық іс-әрекеті, ЖОО мен мектеп арасындағы ынтымақтастық педагогикасы сынды мәселелер талқыланды.
Нақтырақ айтқанда, А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бапакова Салтанат Мырзахметовна, М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің директоры Байшев Мади Асылханович, Ш.Уалиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бикенова Шынар Хамитовна, «Раушан» бөбекжайының меңгерушісінің міндетін атқарушысы Наурызбаева Гульнур Уразгалиевна аталған тақырыптар бойынша өз көзқарастарын білдірді.

Сонымен қатар, Институт тәжірибе жетекшілері «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ аға оқытушысы Абдуллина Ардақ Амирхановна мен «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ жетекшісі Оспанбекова Мейіргүл Несипбековна кәсіптік тәжірибе мекемелеріне өз ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша орын алған қызу талқы нәтижесінде жаңа жоспарлар ұсынылды, бұл бағыттағы жұмысты ілгерілетудің тетіктері қарастырылды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ