Географтар оқу-далалық тәжірибеден өтті

Географтар оқу-далалық тәжірибеден өтті

2023-2024 оқу жылының жұмыс оқу жоспары мен кәсіптік тәжірибе кестесіне сәйкес Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің «6В01506 – География», «6В01511 – География және Тарих», «6В01512 – Биология және география» білім беру бағдарламаларының І,ІІ курс студенттері үшін 27.05.2024 – 08.06.2024 күндері аралығында оқу-далалық (Жалпы жертану, Картография) тәжірибесі ұйымдастырылды.

Қараторғай өзені аңғары, Әбдіғапар хан (Жаңақала) елді мекені аумағындағы далалық тәжірибеге І курстан 25 студент, ІІ курстан 6 жалпы саны 31 студент пен 3 оқытушы жіберілді.
Білім беру бағдарламасының жетекшісі С.Ғ.Калкашев бастаған топтың тәжірибе барысы дайындық, далалық және камеральды кезеңдерді қамтыды.

Оқу-далалық тәжірибенің мақсаты – студенттердің теориялық курстан алған білімдерін практикада бекіту, жалпы физикалық-географиялық заңдылықтарды және жеке компоненттерді анықтаудағы әдіс-тәсілдермен танысу. Жалпы жертану, тапырақтану, картография, топография негіздері сынды пәндер теориясын тәжірибемен ұштастыруды көздеді.
Студенттер далалық жұмыс дағдыларын жетілдіру, табиғи географиялық обьектілерге аспаптық бақылау жүргізу, нәтижелерді белгілеу және жер бедері мен жердің сандық сипаттамаларын геодезиялық аспаптар көмегімен өлшеулер жүргізу, топографиялық карталарды құрастыру, аэрофотосуреттер мен ғарыштық түсірілімдерді дишефрлеу арқылы түсіндіру біліктері әзірлеу сынды функционалды құзыреттіліктерді атқарды.
Оқу тәжірибесі бағдарламасының нұсқаулық картасына сәйкес олар тәжірибені аяқтағаннан кейін қорытынды конференцияда есептерін тапсырды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ