Семинар: «Сапалы білім – саналы тәрбие»
Altynsarin institute-да №2 Студенттер үйінің тәрбиешісі, педагогика ғылымдарының магистрі Жиенбаев Тоқтасын Аманжолұлының модераторлығымен «Сапалы білім – саналы тәрбие» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға ЖОО-дағы білім беру бағдарламаларының жетекшілері, академиялық топ кураторлары, бірқатар құрылымдық бөлімдердің қызметкерлері қатысты.
Шара жеке адамның, ұжымның және қоғамның құқықтары мен қадір-қасиеттерін құрметтейтін тұлға тәрбиелеудің тетіктерін қарастыруды мақсат етті.
Семинар мазмұнында студент, оқытушы, ЖОО, ата-ана профиліне қатысты құрмет, жауапкершілік, адалдық, отансүйгіштік, ынтымақтастық, кемелдену сынды тақырыптар талқыланды.
Қатысушылар білім берудің, маман даярлаудың, педагог мәртебесінің философиясына жете тоқталып, жарыссөзге белсене ат салысты.
Айта кетейік, Тоқтасын Аманжолұлы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің түлегі. Қазіргі уақытта Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда химия пәнінің мұғалімі және 10-сыныптың жетекшісі болып қызмет атқарады.