«Серпін» бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Шымкентте жалғасуда
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Серпін» бағдарламасы бойынша білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жалғасты.
«Жоғары білім көрмесі-2024» іс-шарасында Altynsarin institute-ның өкілдері де белсенді түсіндіру жұмыстарын өткізуде.
Оңтүстіктегі мектептің бітіруші талапкерлерінің біздің институтқа деген қызуғушылығы басым болды.
Сәйкесінше, түлектер өздеріне қажетті мәліметтермен толық танысуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, Altynsarin institute 2019 жылдан бастап «Серпін» бағдарламасы аясында талапкерлерді оқуға қабылдай бастаған. Нәтижесінде бітіруші «Серпіндік» түлектер Қостанай облысының түкпір-түкпіріндегі мектептерде және білім беру ұйымдарында жұмыс атқарып келеді.