«Jas Kenes Siylygy» премиясы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты кеңесі қазақстандық қоғам үшін маңызды салаларда жұмыс істейтін, күнделікті жұмысы мен еңбек ерліктері отандастардың көпшілігі үшін жиі байқалмайтын (басқарушы құрамға кірмейтін) жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» премиясын жариялайды.
«Jas Kenes Siylygy» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы болып табылады.
Сыйлық 2024 жылдан бастап жыл сайын келесі номинациялар бойынша беріледі:
- «Janqiarlyq», құқық қорғау органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің өзге де ұйымдарының қызметкерлері үшін;
- «Altyn jürek», орта және кіші медициналық персонал үшін (жедел медициналық көмек, акушерлер, санитарлар және т.б.);
- «Önerkäsıp», өңдеу өнеркәсібінің (зауыт жұмысшысы және т.б.), тау-кен металлургия кешенінің (кеңші және т.б.) , агроөнеркәсіптік сектордың (механизатор, агроном және т.б.), тамақ өнеркәсібі ұйымдарының қызметкерлері, энергетикалық сектордың және өндірістік сектордың басқа да қызметкерлері үшін;
- «Bolaşaq turaly qamqorlyq», мектепке дейінгі, орта, орта-арнайы білім беру мекемелерінің педагогтері, сондай-ақ мамандандырылған қызметтер көрсететін инклюзивті оқу орталықтарының қызметкерлері үшін;
- «Adamgerşılık», балалар үйлерінің, қарттар үйлерінің, хоспистердің, жануарларға арналған баспаналардың және осындай әлеуметтік қызметтер көрсететін өзге де ұйымдардың қызметкерлері үшін;
- «Kömek qoly», зардап шеккендерге және Қазақстанда және одан тыс жерлерде мұқтаж адамдарға ерікті көмек көрсетуді ұйымдастыруда өзін көрсеткен еріктілер үшін;
- «Bızdıñ üi», коммуналдық және инфрақұрылымдық қызмет өкілдеріне, пәтер иелерінің кооперативі және мүлік иелерінің бірлестіктері қызметкерлеріне (сантехниктер, электриктер және т.б.), сондай-ақ елді мекендердің өмірін қамтамасыз етуге жауапты басқа да ұйымдар үшін.
Марапаттауға Қазақстан Республикасының аумағында тұратын 35 жасқа толмаған азаматтары өтініш бере алады. Конкурсқа қатысуға өтінімді https://www.jaskenes.kz/application сайтында 2024 жылғы 18 маусым мен 21 шілде аралығында беруге болады.
Конкурстық іріктеу 3 кезеңде өтеді. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша 14 жеңімпаз анықталады (әр номинацияда 2 жеңімпаздан). Байқаудың жүлде қоры – 14 миллион теңге (әрбір жеңімпазға 1 миллион).
Жастар саясаты жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңестің негізгі функциялары:
- Жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігін талдау;
- Жастар саясаты саласында және басқа да бағыттар бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды бастау және әзірлеу;
- Жастар саясаты саласында әлеуметтік маңызы бар бастамаларды ұйымдастыру.
Кеңес қазіргі форматта 2022 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде Кеңес мемлекеттік жастар саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын, 2023-2025 жылдарға арналған нашақорлықпен күрестің кешенді жоспарын, заңсыз ойын бизнесімен және ойынқұмарлыққа қарсы күрестің кешенді жоспарын әзірлеуге белсенді қатысты және шығармашылық салалар мен басқа да әлеуметтік маңызды бастамалар үшін салық жеңілдіктерін дамытуда.
Марапаттау және Кеңес қызметі туралы толығырақ ақпаратты https://www.jaskenes.kz/ сайтынан алуға болады.