«Біздің студенттер – Z буынының студенттері». Ректордың Altynsarin institute студенттерімен кездесуі
Altynsarin institute ректоры Ержан Әмірбекұлы институт студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізді.
Кездесуге 200-ден астам 2 курс студенттері – барлық жастар ұйымдарының жетекшілері мен өкілдері, факультет жетекшілері қатысты.
Іс-шараға ғылыми-зерттеу және стратегиялық даму жөніндегі проректор, комплаенс қызметкері, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты орталығының, қауіпсіздік қызметінің, институт деканаттарының қызметкерлері, топ кураторлары қатысты.
Жиын барысында Ержан Әмірбекұлы институттың бүгінгі білім беру жобалары, институттың алдына қандай мақсаттар қойғаны, жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болатыны туралы айтып өтті. Ол «Біз оқыту мен оқу үдерісін басқаруда халықаралық стандарттарға сай келетін сапа деңгейіне қол жеткізгіміз келеді» деп қосты.
Ержан Әмірбекұлы ұстаздық мамандықтың өзектілігі мен жеке білім беру бағытын құрудың маңыздылығы мәселесіне де тоқталды. «Біздің студенттер – Z буынының студенттері. Сіздермен біздің оқытушыларға, профессорларға жұмыс жасау оңай емес». Ректор жаңа заманауи жағдайларда адамның өмірлік және білім беру бағытын құру үшін жеке бағдар қажет екенін айтты.
Одан кейін іс-шара ректордың студенттердің сұрақтарына жауап беру форматына көшті. Ректорға сұрақ қою – студент үшін ең сенімді ақпаратты алуға және өзекті мәселелерді шешуге тамаша мүмкіндік.
Кездесу өте жақсы бағытта өтті және институт басшылығы мен студенттердің көптеген ұстанымдарын біріктіруге көмектесті.
Шара соңында ректор студенттерге кездесу үшін алғыс айтып, оқуларына сәттілік тіледі. Көкейсті сұрақтар болса алдағы уақытта әр түрлі форматта кездесулер ұйымдастырылатындығын айтты.
Олармен ашық диалогқа әрқашан дайын екенін атап өтті. «Қандай да бір сұрақтар туындаса, соның ішінде жеке сұрақтар болса ректордың есігі әрдайым ашық. Ректорға келетін болсаңыз мынадай пароль айтсаңыз болды: «Мен институт студентімін».
Айта кетерлігі, мұндай кездесулер университет құрылымы мәселелерін талқылауға және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға ашық алаң болғандықтан, жоғары оқу орнының қауымдастығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.