Altynsarin institute әдістемелік семинар өтті

Altynsarin institute әдістемелік семинар өтті

2024 жылғы 11 қыркүйекте Арқалық педагогикалық институтында Ыбырай Алтынсарин атындағы «Заманауи сандық білім беру технологиялары» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Семинардың спикерлері педагогика және филология факультетінің оқытушылары болды:
Нурсали К.С. – Жоғары оқу орындарындағы тіл мамандықтары үшін қазіргі заманғы сандық білім беру технологиялары;
Саттар Т.Т. – Сандық білім беру ресурсы – қазіргі заман талабы;
Сейдахметова А.Қ. – Педагогикалық-психологиялық қызметте цифрлы білім беруді пайдалану мүмкіндіктері;
Калимжанова А.К. – Жасанды интеллект;
Ауезова Ш.С. – Цифрлы білім берудің өзектілігі.

Семинар цифрлы технологияларды, жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізудегі заманауи трендтер мен табысты тәжірибелерге арналды. Біздің спикерлер қызықты кейстер, шеберлік сыныптарын ұсынды және оқытуды тиімді әрі қызықты етуге көмектесетін пайдалы құралдарды көрсетті.

Шара ұйымдастырушылары барлық қатысушылар мен спикерлерге белсенді қатысқандары үшін және тәжірибемен бөліскендері үшін алғыс білдіреді.

 

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ