«Тілім менің – тірегім!» атты әдеби-сазды кеш
Altynsarin institute Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің ұйымдастыруымен «Тілім менің – тірегім!» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.
Тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге машықтандыру, ұлтқа һәм елге деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында жүзеге асқан шараға «Химия, Биология және География» білім беру бағдарламасы ұйытқы болды.
Әдеби кеш барысында әуезді ән айтылып, тіл туралы тармақтар тілге тиек болды. Сондай-ақ, қатысушылар назарына студенттердің шығармашылық өнерлерді тарту етілді.
Шараның маңызды бөлігі арнайы шақырылған қонақтардың баяндамасымен өрбіді. Нақтырақ айтқанда, Педагогика және филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, институтының құрметті профессоры Қалиев Айбек Киікбайұлы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, құрметті профессор Абдуллина Ардақ Амирхановна, Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Смагулова Жазира Кабдоллаевна, Қосымша білім беру педагогі Хамзина Салтанат Мырзалиевна қатысты.