Проректор студенттерге дәріс оқыды

Проректор студенттерге дәріс оқыды

Altynsarin institute-ның Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер бойынша проректор Жанна Азатқызы студенттерге «Тұтас педагогикалық үдерістің мәні және құрылымы» тақырыбында дәріс оқыды.

Ашық сабақ Педагогика және филология факультеті «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» және «6B01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттеріне «Педагогика» пәнінен өтті.

Мақсатты, мазмұнды және ұйымдасқан форматтағы дәріс студенттердің қызығушылығын тудырды. Белсенді кері байланыспен өрбіген сабақ барысында болашақ ұстаздар тұтас педагогикалық үдерістің кәсіби функцияларымен танысты.
Академиялық топ студенттері проректор Жанна Азатқызының дәрістері дәстүрлі жалғасын табарына сенім білдіріп, өз әсерлерімен бөлісті.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ