"Серпін" студенттерімен кездесу

"Серпін" студенттерімен кездесу

Бүгін Altynsarin институтында "Серпін" мемлекеттік бағдарламасының студенттері қатысқан "Жұмыспен қамту: перспективалар мен мүмкіндіктер" атты кездесу өтті.

"Серпін" әлеуметтік жобасын іске асыру туралы Тіркеу кеңсесінің басшысы Ләззат Серікқызы Шайменова баяндама жасады.

Кездесу барысында бағдарлама түлектеріне жұмыс және жұмысқа орналасу шарттары туралы, олар осы бағдарлама бойынша жұмыс істей алатын өңірлер туралы, олар үшін, әсіресе ауылда қажетті жағдайлар жасау туралы түсіндірме әңгіме өткізілді.
"Мәңгілік ел жастары-индустрияға!"- "Серпін" Қазақстанда 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл бағдарламаның негізгі бағыты Қазақстанның солтүстік өңірінің жоғары оқу орындарында оңтүстік облыстардан келген жастарды оқыту және жұмысқа орналастыру болып табылады. Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты осы жобаға қатысатын жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта 51 студент осы бағдарлама бойынша оқиды.
Айта кету керек, мұндай кездесу институттың өз түлектерін қолдау, сондай-ақ Серпіндіктер үшін проблемалық мәселелерді талқылау мүмкіндігі.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ