«English is the key to success» тақырыбындағы семинар

«English is the key to success» тақырыбындағы семинар

9 қазанда Кейкі батыр атындағы №4 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «English is the key to success» атты қалалық семинар өтті.

Индонезиядан келген профессор Саиде мырза және «Ағылшын тілі» ББ оқытушысы Қалимжанова Аида аталмыш іс-шарада баяндама жасады.

Сайде мырза қала мұғалімдеріне ғылым мен қосымша білім беру саласындағы мүмкіндіктер туралы тың деректермен бөлісті. Аида Калимжанова «AI on the lessons of English: useful tools for boosting language comprehension» тақырыбында сөз өрбітті.

№4 мектептің ағылшын тілі мұғалімдері 3, 9, 11 сынып оқушыларымен демонстрациялық сабақтар ұйымдастырды. Барлық қатысушылар шетелдік профессормен кездесуге қуанышты болды және онымен жеке сөйлесу мүмкіндігін пайдаланып, шетелдегі білім мен өмір туралы маңызды тақырыптарды талқылады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ