Халықаралық сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел

2024 жылдың 22 қазан күні Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінде «Білім берудегі жасанды интеллект: қолданудың артықшылықтары мен шектеулері» тақырыбында шетелдік эксперт қатысуымен қалалық деңгейде дөңгелек үстел өтті.

Қойылған мәселені талдау және пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылған шараға арнайы қонақтар: Арқалық қаласы бойынша жалпы білім беретін мектептердің Химия, Биология, География пәндерінен сабақ беретін ұстаздар ұжымы мен Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің білім беру бағдарламаларының ұжымы, Химия, Биология, География білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен 3-і курс студенттері қатысты.
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің аға оқытушысы, магистр Кемелбаева Акгул Куандыковна шараның маңыздылығын атап өтіп, кездесуді құттықтау сөзімен ашты.

Шетелдік спикер Индонезия мемлекетінің Пеканбару қаласындағы Universitas Islam Negeri Sultan Syarif Kasim Riau университетінің «Компьютерлік ғылымдар», «Ақпараттық технологиялар» саласының докторы Dr. Saide «HOW TO RESPOND A REVIEWER COMMENTS IN HIGH-IMPACT JOURNAL» тақырыбында баяндама жасап, рейтингі жоғары басылымдарда мақала жариялау ерекшеліктеріне назар аударды.

Сондай-ақ, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия. География пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Пэк Александр Викторович География сабақтарында дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі қалай құрастырылатыны жайлы айтты. Ал химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының танымдық белсенділігін арттыру жөнінде Кейікі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі. Химия пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Асипова Акерке Кайыржанкызы толық ақпарат беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Биология пәнін оқытуда қолданылатын тиімді платформалармен Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің Биология пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Балтабаева Индира Қызбелбайқызы таныстырса, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің оқытушысы, магистр Ахатова Сымбат Жұматайқызы жасанды интеллект және нейро желілерді сабақтарда қолдану мүмкіндіктерімен бөлісті.

Іс-шараның айрықша ерекшелігі оның ұлттық стильде ұйымдастырылуы болды. Ұйымдастырушылар шетелдік қонақтарды қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен құндылықтарымен таныстыруды көздеді. Химия, Биология, География білім беру бағдарламасының ұжымы келушілерге шай, кофе және ұлттық тағам ұсынып, ұлттық аспаптарда композициялар орындап, жайлы атмосфера құрды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өздерін таныстырып, кәсіби және академиялық қызығушылықтары мен мақсаттары туралы кейбір ақпаратпен бөлісті.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ