Altynsarin institute-да Республика күніне арналған салтанатты шара өтті
Altynsarin institute қалалық театрдың қабырғасында бірліктің, мақтаныш пен патриотизмнің символына айналған еліміздің басты мерекелерінің бірі – Республика күнін атап өтті.
Салтанатты бағдарлама Арқалық қалалық бастауыш гимназия оқушыларының қатысуымен мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды.
Құттықтау сөзімен сөз алған Басқарма төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы шын мәніндегі жалпыхалықтық сипатқа ие болған Республика күнінің басты мемлекеттік мереке ретіндегі маңыздылығын атап өтті. «Тарихи мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. Осы атаулы күні халқымыз үшін көптен күткен Тәуелсіздікке жол ашылды. Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс, зор денсаулық тілеймін».
Сондай-ақ институттың соңғы жылдардағы негізгі жетістіктеріне тоқталды. «Біздің әрқайсымыз қажырлы еңбегімізбен, жасампаз күш-қуатымызбен және туған жерге деген сүйіспеншілігімізбен Қазақстанды көркейтеміз. Еліміздің басты мерекесін үлкен жетістіктермен және жоғары көрсеткіштермен қарсы алып жатқанымыз қуантады».
Салтанатты рәсім аясында ғылымы мен білімінің дамуына үлес қосқан үшін институт қызметкерлеріне марапаттар табысталды, Марапатталғандар қатарында:
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ғылымға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен зерттеу және стратегиялық даму жөніндегі проректор, п. ғ. к., қауымдастырылған профессор Байсеитова Ж.Б.;
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ахмет Байтұрсынұлы" төсбелгісімен гуманитарлық саладағы шығармашылық белсенділігі мен ынтымақтастықты дамытқаны үшін: бас бухгалтер С.А. Бөрібаев, Педагогика және филология факультетінің деканы, ф.ғ.к. А.К. Қалиев.;
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің “Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен "Мектепке дейінгі және бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" ББ аға оқытушысы Дүйсебекова А.Е.;
- ғылым және жоғары білім министрлігінің құрметті дипломымен: "Мектепке дейінгі және бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" ББ жетекшісі, PhD Оспанбекова М.Н.; "Көркем еңбек, графика және жобалау" ББ аға оқытушысы Жарасканов К.С.;
- ғылым және жоғары білім Министрлігінің "Алғыс" Алғысымен: аппарат басшысы Әлімұлы С.; персоналды басқару және құжаттармен қамтамасыз ету қызметінің маманы Ізтілеуова Б., тіркеу офисінің маманы Ағыбаева А.;
- облыс әкімінің Құрмет грамотасымен: тарих және өнер факультетінің деканы, филос.ғ.к. Конкина Г.С.;
- "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты" КЕАҚ ректорының алғыс хатымен: қаржы-экономикалық орталығының есепшісі Н.Н. Сағындықова; «Шетел тілі: екі шетел тілі, Орыс тілі мен әдебиеті» ББ зертханашысы С. Жетпісбаева, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметкерлері - А. Абдуллина, Н. Құлтасов, К. Бұхарбаева.
- АркПИ-дегі көп жылдық еңбегі үшін ректор сертификаттарымен (30 жылдан астам): тіркеу офисінің басшысы Л.С. Шайменова; "Қазақ тілі мен әдебиеті" ББ жетекшісі Б.А. Рахметова, "Қазақ тілі мен әдебиеті" ББ аға оқытушысы, магистр Ш.С. Әуезова, қаржы-экономикалық орталығының есепшісі Г. Иншибаева, персоналды басқару және құжаттармен қамтамасыз ету қызметінің маманы А.С. Әбілқайырова.
Салтанатты шара тарих және өнер факультетінің ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды. Қазақ халқының рухы мен оның бай мәдениетін бейнелейтін сахналық қойылым жарқын бастама болды. Шығармашылық ұжымдар мен жеке әртістер көрермендерді халық дәстүрлері мен мұралары атмосферасына батырған фольклорлық композициялармен қуантып, бірлік пен бірегейлікті қалыптастырудағы ұлттық құндылықтардың маңыздылығын атап өтті. Туған жердің ұлылығын, оның сұлулығы мен күшін дәріптейтін жанды әндер шырқалды. Соңғы аккордқа айналған "Атамекен" әнін орындау мерекелік кешті аяқтады.