«Шетелдегі семестр» сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

«Шетелдегі семестр» сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады.

Байқауға барлық білім беру бағдарламаларының 2,3-курс студенттері қатыса алады. Өтінімдер 2023 жылдың 24 мамырына дейін деканатта қабылданады.

Шет тілін меңгергендігін анықтауға арналған іріктеу конкурсы:
1-кезең
тестілеу – 30.05.2023 ж., уақыты 10.00, ауд. № 205.
2-кезең
практикалық бөлім – 31.05.2023 ж., уақыты 10.00, ауд. № 205.

Шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған (IELTS, TOEFL – 5 балл) сертификаты бар студенттер іріктеу конкурсынан босатылады.

Байқаудың іріктеу кезеңінен өткен студенттер үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) белгіленген нысандағы білім алушының өтініші;
2) Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;
3) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін ұсынады): болса, халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған шет тілін білу туралы сертификат; шетелдік ЖОО шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат; институтта өткізілген шет тілін меңгергендігін анықтауға арналған іріктеу конкурсының нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);
4) № 072/у нысан бойынша медициналық анықтама (шетелге шығушы үшін);
5) ата-аналардың жазбаша келісімі;
6) отбасы құрамы туралы анықтама;
7) фото 3*4 – 4 дана;
8) ағымдағы үлгерім туралы транскрипт.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502