«Жасанды интеллект және ғылым» атты дөңгелек үстел өтті

«Жасанды интеллект және ғылым» атты дөңгелек үстел өтті

2024 жылдың 28 ақпанында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты мен Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің бірлескен «Жасанды интеллект және ғылым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараның ұйымдастырылуына «Педагогика және филология» факультеті «Педагогика және психология», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы ұйытқы болды.
Кездесудің мақсаты – жасанды интеллектіні ғылымда қолдану мәселесіне зер салу, білім беруде жасанды интеллектті қолданудың артықшылықтары мен қиындықтарын талқылау.
Дөңгелек үстелдің кіріспе сөзі Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бағлан Жапарова мен Altynsarin institute-ның қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Татьяна Каратаеваға берілді.
Сонымен қатар, шара барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-ның аға оқытушысы, PhD доктор Бақтыгүл Атабекова «Жасанды интеллект және шығармашылық», М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медициналық университетінің доценті, PhD доктор Малика Книсарина «Жасанды интеллект және жауапкершілік», Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры п.ғ.к. Ольга Боталова «Зерттеу жұмысында ChatGPT қолдану мүмкіндіктері», , Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Меруерт Уакасова «Пациенттерді емдеуге және кенес беруге арналған виртуалды ассистенттер мен технологиялар», Татьяна Каратаева «Жасанды интеллект мұғалімнің кәсіби дамуының факторы ретінде», Ә.Марғұлан атындағы ППУ-нің қауымдастырылған профессоры Гүлмира Аспанова «Жасанды интеллект және жалған ғылыми зерттеулер» тақырыбында баяндама жасады.

Дөңгелек үстелде қатысушылар үшін дискурстық алаң ұсынылып, профессор-оқытушылар, магистранттар мен студенттерге ой алмасуға мүмкіндіктер берілді.
Олар өз сұрақтарын қойып, ғылымда жасанды интеллектіні қолдану саласында тәжірибе мен идеялар алмасты.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ