Altynsarin institute-да «Қазына» этнопедагогика және этнопсихология орталығының тұсаукесері өтті

Altynsarin institute-да «Қазына» этнопедагогика және этнопсихология орталығының тұсаукесері өтті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Қазына» этнопедагогика және этнопсихология орталығының ашылу салтанаты өтті.

«Ғылыми-зерттеу орталығының» жанынан құрылған орталық институттың ғылыми-инфрақұрылымын кеңейту, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру және этномәдени-танымдық көзқарастарын жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасы мен көкейкестілігін арттыру міндеттерін көздейді.

Ғылыми-зерттеушілік, заманауи-тәжірибелік, ақпараттық қызмет бағыттарын қамтитын орталық тұлғаны заңдылық сипаты бар әдет-ғұрып, салт-дәстүрге бейімдеуге, әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердің қарым-қатынасының құндылықтарынан үйренуге, ұлттық тәрбие ісіндегі жетістіктерді нақты жағдайда пайдалануға баулиды.
Орталықтың ашылу салтанатына Altynsarin institute-ның доценті, этнопедагогика пәнінен ұзақ жылдар бойы студенттерге дәріс оқыған зейнеткер-Ұстаз Ахметова Пернекүл Әлімқызы, облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайының директоры Терек Рауан Абдуллажанұлы, облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жүнісұлы, Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Жанар Байсеитқызы және институттың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.


Зейнеткер-Ұстаз П.А.Ахметова: «Ұлт руханиятының аласармас биіктігін насихаттайтын орталықтың болашағынан үлкен үміт күтеміз. Білім алушы мен білім берушілердің ұлттық рух-жігерін ұштайтын, патриоттық сезіміне қозғау салатын, ұлағатты ой мен рухани қорек беретін алаңға айналатынына сенім білдіремін. Себебі, біздің мемлекетімізге тек білімді азамат емес, отансүйгіш, ұлтжанды перзент керек. Болашақ ұстаздарды даярлайтын оқу орнынынң қабырғасында осындай орталықтың ашылуы қатты қуантып отыр», – деді өзінің кірісіпе сөзінде.


Орталықтың ғылыми қызметкері Зәуре Тойшыбекқызы өз сөзінде тәлімі мен тағылымы мол ғылыми орталықтың жалпы ережесі, мақсат-мндеттері, қызметтері мен жауапкершілігі туралы кеңінен тоқталып, таныстырылымын жасады.


Алдағы уақытта «Қазына» этнопедагогика және этнопсихология орталығы Арқалық қаласының мәдени-ағарту ошақтарымен ынтымақтастық бағытта жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, салтанатты рәсім барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ