Altynsarin institute-да сейсможаттығу шаралары орындалды
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-шаралар, эвакуациялауды ұйымдастыру, дабыл қоржынын жинақтау және т.б. шараларды қамтыған сейсможаттығу өтті.
Жаттығу жұмыстары №1, №2 оқу ғимараттарында қызметкерлер мен студенттердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, азаматтық қорғау талаптарына сай орындалды.
Сейсможаттығу шараларының аясында азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығулардың күнтізбелік жоспары әзірленіп, бекітілді және «Төтенше жағдайлар, жер сілкінісі кезінде ұйымды институттан эвакуациялау тәртібі» ұйымның жеке құрамының іс-әрекеттері туралы нұсқаулықтар институттың құрылымдық бөлімдеріне таратылды.
Азаматтық қорғау шараларын жүзеге асыруға Altynsarin institute-ның Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау маманы С.Ж.Сембин және Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар маманы А.С.Мурзабаев жауапты болып, жүргізді.
Айта кетейік, оқу-жаттығу жұмыстары «Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Арқалық қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі» бекіткен алдын-алу шаралары бойынша жүзеге асты.