Семинар: «Оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарын жазуға қалыптастырудың тиімді жолдары»

Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-ның «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің профессор-оқытушылық құрамы Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінде «Оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарын жазуға қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында бірлескен семинар өткізді.

Мақсаты – оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, және ғылыми ізденудің әдістерін үйрету арқылы оқушыларды ғылыми потенциалы дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу.
Семинарға Altynsarin institute-дағы «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің деканы, Phd доктор Әлібек Ескермесұлы, «География» білім беру бағдарламасының жетекшісі Сағынғали Калкашев, «Физика, физика және информатика» білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы Анар Тулегенова және № 1 Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ, М. Әуезов атындағы № 5 ЖББМ, А.Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы, №8 негізгі орта мектебі, № 10 жалпы білім беретін мектебі қатысты.

Шара барысында Ә.Ескермесұлы «Сыни ойлау арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру», С.Г.Калкашев «Географиядағы инновациялық технологиялар. Мектеп географиясын оқытуда геоақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері», А.К.Тулегенова «Білім беру бағдарламасының оқу үдерісіне STEAM технологияларын енгізу» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ, белсенді коммуникацияға негізделген семинарда оқушылардың зерттеу жұмыстарымен айналысу алгоритміне талдау жүргізілді.

Іс-шара аясында Altynsarin institute спикерлері мақсатты кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге үлкен көңіл бөліп, мамандық таңдаудағы кәсіби және танымдық мүдделерін анықтау мен дамытуда әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық шараларды қамтып өтті. Семинардың соңында мектеп психологы қатысушыларға арналған психологиялық-сараптамалық тренинг өткізді. Сондай-ақ, шара қатысушылары мектеп базасында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы мұражайды тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, соңғы жылдары мемлекетімізде отандық білімді дамыту мен ғылымды ілгерілетуге айтарлықтай көңіл бөлінуде. Осыған байланысты Altynsarin institute білім беру ұйымдарымен тығыз жұмыс жасай отырып, жыл сайын осы сынды іс-шараларды мектеп оқушылары мен де, педагогтермен де дәстүрлі түрде жүзеге асырады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ