«Спортшылардың психологиялық даярлығы» тақырыбында кеңес беру өтті

«Спортшылардың психологиялық даярлығы» тақырыбында кеңес беру өтті

Altynsarin institute-дағы Психодиагностика және кеңес беру орталығының ғылыми қызметкері Смаилова Гүлдана Сәрсенбайқызы Арқалық қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Спортшылардың психологиялық даярлығы» тақырыбында кеңес беру өткізді.

Спорт мектебінің оқытушы-жаттықтырушыларымен өткен шара – спортшының психологиялық дайындығына, психологиялық сенімділігіне, психологиялық өзін-өзі реттеуіне тікелей әсер ететін қажетті процедура болды.
Психологиялық кеңес беру барысында орталықтың таныстырылымы жасалып, қатысушылармен интерактив жүргізілді. Г.С.Смаилова оқытушы-жаттықтырушылармен дайындықтың физикалық, техникалық, тактикалық және психологиялық аспектілерді қолданудың қарапайым және тиімді әдістерін үйретті.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында 25-29 ақпан аралығында жастар арасындағы қазақша күрестен республикалық чемпионатқа қатысатын спортшылармен идеомоторлық жаттығулар мен аутотренинг өткізілді.
Жарысқа қатысу мақсаттарына талдау жүргізілді, мотивация деңгейлері мен жарысқа психологиялық дайындығы анықталды.

Бірлескен әдіснамалық нұсқаулықтар үшін Арқалық қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы оң кері байланыс жасап, ғылыми орталықтың қызметін ары қарай пайдалануға ниетті екендіктерін жеткізді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ