«Қызылша ауруының алдын алу жолдары» тақырыбында студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Қызылша ауруының алдын алу жолдары» тақырыбында студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Altynsarin institute-да 1-ші ақпан күні «Қызылша ауруының алдын алу жолдары» атты ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты – елімізде қызылша ауруының белең алуына байланысты, оның таралуына төтеп беру, студенттерге эпидемиологиялық-санитарлық талаптардың сақталуына мұқият болуын ескерту.
1,2,3,4 курстардың барлық академиялық топ студенттерін қамтыған кездесуде оқу орнындағы медициналық пункт фельдшері Бекбосынова Күнсұлу Ибрагимовна жұқпалы ауруға қатысты ақпараттар ұсынып, алдын-алу шараларын атап көрсетті.


Фельдшер: «Қызылша – ауа жолы арқылы өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе қызылшаға қарсы екпе салдырмаған адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болса, жұқтырып ауырып қалу мүмкіндігі өте жоғары. Оның белгілері: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, жөтел, мұрыннан су ағуы тамағы ауырып Кейінірек конъюнктивит – көздің шырышты қабығының қабынуы, қызарып жасаурап денеде қызыл бөртпелер пайда болады яғни жоғарыдан төмен қарай бас бөлігінен бастап денеге қолға-аяқтарға қызыл бөртпелер шығады», – деді.

Айта кету керек, «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының» деректеріне сәйкес 2023 жылы Қазақстанда қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелген. Оның 79% – ы балаларға, 4% – ы жасөспірімдерге, 17% - ы ересектерге тиесілі. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қызылшаның 1,9 мыңнан астам жағдайы тіркелді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ