II жартыжылдықтағы алғашқы кеңейтілген ғылыми кеңес отырысы өтті

II жартыжылдықтағы алғашқы кеңейтілген ғылыми кеңес отырысы өтті

Altynsarin institute-да 2024 жылдың алғашқы кеңейтілген ғылыми кеңес мәжілісі өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелері көтеріліп, баяндалды:
Ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Ж.Байсеитованың «2024 жылдың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын бекіту туралы»;
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы Ә.Ескермесұлының «Факультеттегі ПОҚ-ытң ғылыммен шұғылдануы, қаржыландырылатын жобаларға қатысу деңгейі туралы»;
Тіркеу офисінің басшысы Л.С.Шайменованың «Оқу барысында босаған мемлекеттік білім гранттарына келісім-шарт негізінде оқитын студенттердің кандитураларын ұсыну туралы»;
Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы Б.Ж.Жаркымбаевтың «Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің 2023 күнтізбелік жылдағы атқарған жұмыстарының есебі туралы».

Кеңесте Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-дің профессор-оқытушылар құрамы мен барлық құрылымдық бөлім қызметкерлері қарастырылған тақырыптарға мұқият зер салып, біршама өзгерістер мен нәтижелерге куә болды.


Сонымен қатар, ғылыми кеңес отырысының барысында бірқатар ПОҚ пен қызметкерлер марапатталды. Нақтырақ айтқанда, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған «Білім беру ісінің үздігі» марапатын Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы Ә.Ескермесұлы иеленсе, министр Саясат Нұрбектің құрмет грамотасымен «Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» орталығының басшысы З.Н.Батырова және «Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің» маманы Ю.Ю.Доронцов марапатталды.
Ал, институт ректоры Ержан Әмірбекұлы рейтингтік (рецензияланатын) ғылыми журналдардағы жариялымы үшін Ә.Ескермесұлы, А.К.Қалиев, Б.А.Рахметова, А.Е.Дүйсебекова, З.Т.Ғалымжанова, З.Ш.Қолдасбаева, Қ.М.Шакирова сынды бір топ оқытушыларға ақшалай сыйақы тағайындап, сертификат табыс етті.

Айта кетейік, кеңейтілген ғылыми кеңес отырысының соңында Altynsarin institute ұжымының жаңа жылдық кешінде ерекше сахна әзірлеген 5 командаға сыйақы беріліп, марапатталды.

Кеңес нәтижесінде бірқатар өзекті мәселелерге қатысты шешімдер қабылданып, алдағы жартыжылдыққа стратегиялық жоспар құрылды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ