Әкім марапатын иеленген «Жемқорлықсыз қоғам» бейнеролигі

Әкім марапатын иеленген «Жемқорлықсыз қоғам» бейнеролигі

Өңір тұрғындары арасында адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық құндылықтарын ілгерілету мақсатында Арқалық қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында үздік бейнероликтер байқауы өтті.

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілігін қалыптастыру және оларды адалдық негіздеріне баулу міндеттерін көздеген конкурсқа қаладағы жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты.
«Жемқорлықсыз қоғам» үздік бейнероликтер байқауының миссиясы – парасаттылық мәдениетін дамыту және сыбайлас жемқорлықсыз қоғамда қатынастар құру негіздерін бейнероликте көрсету болды.
Осы бағытта Altynsarin Institute-ның студенттері мазмұнды бейнеролик түсіріп, қоғамдағы өзекті мәселені көтерді.
Конкурсқа қатысушылар талап бойынша бейнероликті @arqalyq_adaldyq_alany instagram әлеуметтік парақщасында жариялады. Осы арқылы әлеуметтік желі қолданушылары бейнероликке лүпіл басып, пікір қалдырды.
Нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ бейнеролигі үздіктер қатарынан табылып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобасы аясында өткен үздік бейнероликтер байқауында Арқалық қаласы әкімі Ә.Асановтың алғыс хатымен марапатталды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ