«Жас ғалым – 2023»: мектеп оқушылары арасында ғылыми жоба байқауы өтті

«Жас ғалым – 2023»: мектеп оқушылары арасында ғылыми жоба байқауы өтті

Altynsarin Institute-да «Физика» және «Математика» білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен «Жас ғалым – 2023» тақырыбында мектеп оқушылары арасында ғылыми жоба сайысы өтті.

Жылдағы дәстүрге сәйкес жүзеге асатын ғылыми жобаның мақсаты – оқушылардың физика және математикаға қызығушылығын арттыру, зерттеушілік және жоба жасау қызметін дамыту, дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары байқауға зерттеу нысанына айналған тақырыптарын тыңғылықты дайындықпен алып келді. 7-11 сынып оқушылары арасында өткен жоба байқауы ашық форматта қазылар мен қатысушылар алдында қорғалды. Altynsarin Institute-ның профессор-оқытушылық құрамынан құралған әділ-қазылар алқасы зерттеу жұмысының өзектілігіне, ғылыми аппаратына ерекше назар аударды.
Айта кетейік, «Жас ғалым – 2023» байқауына «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша 14, «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша 12 жоба жұмыстары ұсынылды.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере келе, 7-8 және 9-11 сынып оқушылары арасында екі жас категориясы бойынша қорытынды шығарылды.
Нәтижесінде, «Физика, физика және информатика» және «Математика, математика және физика, математика және информатика» білім беру бағдарламасы бойынша оқушылар жүлделі І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Байқаудың қорытындысында институт ғалымдары ғылыми зерттеуге машықтану бойынша танымдық ақпараттармен бөлісіп, оқушылардың дайындығын пысықтыған ғылыми жетекшілерге алғыс хат ұсынды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ