Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық пән олимпиадасы өтті

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық пән олимпиадасы өтті

Altynsarin Institute-да Арқалық қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің жалпы білім беретін мектептерінің 8-сынып оқушылары арасында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қалалық пән олимпиадасы ұйымдастырылды.

«Педагогика және филология» факультетініне қарасты «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебитеті», «6В01704 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының мұрындық болуымен жүзеге асқан пән олимпидасына бас-аяғы 46 оқушы қатысты.
Пән олимпиадасы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша теориялық және практикалық білімдерін тереңдетіп, ұлттық дүниетанымын кеңейтуге, шығармашылық ойлауға, тұлға ретінде қалыптасуына және қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін бағалауға мүмкіндік беруді мақсат етті.
Білім шаңырағында дәстүрлі өтетін байқаудың кіріспе сөзінде білім беру бағдарламасының жетекшісі, ф.ғ.к. Б.А.Рахметова: «Бұл олимпиада кәсіби-инттеллектуалдық әлеуетті танытуға мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілеттілік дағдыларды шыңдай түседі. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөліне отырып, тапсырмалар дайындалған»-деді, өз сөзінде.
Қатысушыларға білім беру бағдарламасының жетекшісі, ф.ғ.к., Б.А. Рахметова, аға оқытушылар Қ.М.Шакирова, Б.А. Таутина төрелік етіп, бағалады.
Қазылар алқасының бірлескен шешіміне сәйкес қатысушылар жүлделі І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Мәтінмен жұмыс және әдеби-теориялық талдау қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларға және барлық жетекшілерге алғыс хат табыс етілді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ