Ы.Алтынсариннің ақ мазары – Алаш арыстарының ұрпағын рухтандыратын киелі нысан

Ы.Алтынсариннің ақ мазары – Алаш арыстарының ұрпағын рухтандыратын киелі нысан

Қостанай ауданы, Мичурин ауылынан жарты шақырым жерде Ы.Алтынсариннің кесенесі орналасқан.

Іргетасы 1991 жыл қаланғанан нысанға институт студенттері ұстаздар күні қарсаңында барып қайтты.
Студенттер қазақтың көрнекті ағартушысы, педагог, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің рухына тағзым етіп, құран бағыштады.
Сонымен қатар, ұлы педагогтің өлеңдерін жатқа оқып, өздерінің құрметтерін көрсетті.
Кешеннің алаңы 68 шаршы метрді құрайды, биіктігі 15 метр, әктастан жасалған. Құрылыста гранит тас қолданылған, ал қасбет ұлттық стильде сәндік элементтермен безендірілген.
Қалпына келтірілген кесенеге қосымша екі гранит стенді бар, олардың бірі И.Алтынсариннің ашқан мектептерінің картасын, ал президенттік бағдарламадан қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі екінші сөзін көрсетеді.
2017 жылы кесенені қайта қалпына келтіріп, аумағы мен биіктігі ұлғайтылды. Әрлеу үшін Маңғыстау облысынан әкелінген ақ әктас-ұлутас және гранит пайдаланылды. Бұдан өзге барлық іргелес аумақ абаттандырылып, жарық орнатылды, іс-шараларға арналған алаңдар қарастырылған.
Алтынсариннің ақ мазары – азаттығын аңсаған алаш арыстарының ұрпағын рухтандыратын киелі нысан.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ