«Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» орталығы қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды

«Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» орталығы қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды

Ағымдағы жылдың 5-6 қазан күндері «Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» орталығы жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкенің мақсаты – ауыр дертке шалдыққан Арқалық қаласының тұрғыны Ернар Бралиннің еміне қаржылай жәрдем беру.
Қасиетті жұма жалғасын тапқан іс-шара барысында студенттердің өз қолдарымен пісірілген түрлі тағам түрлері мен тәттілер, жеміс-жидектер мен сусындар сатылды.
Айта кетейік, Бралин Ернар Арқалық қаласының 19 жасар тұрғыны. Саркома, ісік дертіне шалдығып, емі Түркия елінде өтпекші.
Осындай ізгі шаралар арқылы адамдар арасында мейірімділік артады. Сондықтан, «қайырымдылық жасасаң-қайырын өзің көресің» деген ұстаныммен студенттер арасында мұндай қайырымдылық шаралары жалғаса бермек.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ