«Бүгінгі жастар – ертеңгі болашақ» атты студенттік семинар өтті

«Бүгінгі жастар – ертеңгі болашақ» атты студенттік семинар өтті

Altynsarin Institute-да Арқалық қалалық әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен «Бүгінгі жастар – ертеңгі болашақ» атты студенттік семинар өтті.

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты орталығының қолдауымен жүзеге асқан семинарға 1-2 курс студенттері қатысты.

Студенттік семинардың негізгі мақсаты – дін аралық және ұлт аралық келісім бойынша түсіндірме жүмыстар жүргізу, өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі жоспарлар және іс-шаралармен таныстыру, еріктілер қозғалысы бойынша алдағы жоспарлармен бөлісу, күзгі әскерге шақыру бойынша үгіт-насихат және діни ағымдардың әлеуметтік желідегі бет-бейнесі жайлы сөз қозғау.
Кездесуде Арқалық қалалық әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» директоры Д.Қожахметов, «Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің» бастығы А.Маратұлы мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауындағы көтерілген мәселелерге басымдық берді.

Семинар спикерлері өз сөздерінде «Әрбір жазылған ашықхаттар және кез-келген интернетте жүктелген видео мәні діни ағымдарға, псевдо-салафиттерге қатысы бар болса, Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жазаға тартылатындығын» атап өтті.
Аталмыш студенттік семинарлар легі мемлекет деңгейінде барлық орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында өтіп жатқандығын айта өткен жөн.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ